Технология
Қазақстан Apple-мен келіссөз жүргізіп жатыр
Келіссөздер Қазақстанда Apple компаниясының ресми кеңсесін ашуға қатысты.
Қазақстан америкалық Apple компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz сайты.
Келіссөздер Қазақстанда Apple компаниясының ресми кеңсесін ашуға қатысты.
«Цифрлық даму министрлігі Apple компаниясымен Қазақстанда ресми өкілдік (компанияның – еск.) ашу туралы келіссөз жүргізіп жатыр», — делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауапта.
Елімізде Apple кеңсесін ашу мәселесі Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен кейін туындаған болатын. Сол кезде iPhone қолданушылары хабарлама алмаған.