БастыСпорт

Қазақстан алғаш рет парабиатлоннан әлем кубогында алтын жүлде жеңіп алды

Финляндияда өткен парабиатлоннан Әлем кубогы кезеңінде Ербол Хамитов 10 км қашықтықты 32:37.0 секундта жүріп өтіп, алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екінші орын украиналық қарсыласы Тарас Радқа (33:41,6), ал үшінші орын тағы бір украин спортшысы Александр Алексикке (33:50,7) бұйырды.

Әлем кубогының кезеңіндегі бұл жеңіс — Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль.

Еске сала кетсек, парашаңғы мен парабиатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтіп жатыр.

Жарыста Ербол Хамитов парашаңғыдан 5 км қашықтықта күміс жүлде, 10 км қашықтықта қола жүлдені еншілесе, Александр Герлиц парабиатлоннан 12.5 км қашықтықта қола медальге ие болған.

 

TuraNews

Back to top button