
Қазақстанның Кекушинкай каратэ бойынша ұлттық құрамасы Австралияның Голд-Кост қаласында өткен 7-ші Әлем кубогында жоғары нәтиже көрсетіп, сәтті өнер көрсетті. Беделді халықаралық турнирге әлемнің 15 елінен спортшылар қатысып, жүлделер үшін тартыс аса жоғары деңгейде өтті.
Қатты бәсеке мен күрделі жекпе-жектерге қарамастан, қазақстандық спортшылар жоғары техникалық шеберлік, мықты рух пен қайсар мінез танытты. Татамиге әрбір шығу Қазақстанның әлемдік Кекушинкайдағы жетекші державалардың бірі екенін дәлелдеді.
Әлем кубогының чемпиондары:
• Жақан Айбат
• Нүреке Ұлжан
Күміс жүлдегерлер:
• Көптелеуова Мадьяна
• Үсенов Айдос
Қола жүлдегерлер:
• Редин Артём
• Масленников Кирилл
• Аубакирова Балауса
• Сұлтанова Жанетта
• Малихтарович Светлана
• Бутенко Людмила
Әрбір медаль — көпжылдық еңбектің, күнделікті жаттығудың, тәртіп пен жеңіске деген сенімнің нәтижесі. Бұл жетістіктер — тек спорттық табыс емес, ел мақтанышы және Қазақстанда Кекушинкай каратэнің дамуына қуатты серпін.
Қазақстан құрамасы тағы да дәлелдеді: қазақстандық рухтың күші, жаттықтырушылардың кәсібилігі мен спортшылардың мақсаткерлігі әлемдік биіктерді бағындыруға қабілетті.
Қазақстан құрамасының дайындалуы мен халықаралық турнирге қатысуына қолдау көрсеткен:
• Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
• Бас серіктес — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ;
• Серіктес — Sport Qory спортты қолдау қоры;
• Солтүстік Қазақстан облысының спорт басқармасы;
• Қарағанды облысының ШВСМ;
• Жетісу облысының ШВСМ.
Мемлекет, серіктестер және спорт қауымдастығының бірлескен жұмысының арқасында әлемдік деңгейдегі чемпиондарды даярлауға қажетті жағдай жасалуда.
Алға, Қазақстан! Қазақстан спортшыларының жаңа жеңістері еліміздің халықаралық аренадағы абыройын арттырып, жастарды шабыттандырып, Кекушинкай каратэнің даңқты дәстүрлерін нығайта берсін!



