БастыСпорт

Қазақстан әлемдік бокс рейтингінде 3-ші орынға ие болды

ХБА елдер бойынша жаңартылған рейтингті жариялады

Қазақстан Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) соңғы рейтингінде үшінші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ жалпы 34.950 ұпаймен ХБА рейтингінде көш бастаса, Бразилия 30 050 ұпаймен екінші орынға ие болып тұр. Ал Қазақстан мен Түркия 27.500 ұпаймен үшінші орынды бөлісіп отыр.

Қазақстан 30 қазанда Иорданияның Амман қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатында өнер көрсетеді.

Команда бапкері Қайрат Сәтжанов, ел намысын Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Сабырхан Махмұд, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай және т.б. қорғайтынын айтты.

TuraNews

Back to top button