
Шымбұлақ тау шаңғы курортының туристік әлеуеті аңызға айналған журналдың итальяндық басылымында қысқы спорт түрлерін ұнататындар арасында әлемдегі міндетті түрде баруы керек таңдаулы 5-ке ұсынылды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Бұл тізімде қазақстандық курортпен қатар Исландиядағы Тролль түбегі, Аляскадағы Денали тауы, Грузиядағы Казбеги және Жапониядағы Зао тау шаңғы курорты бар.

Редакция: «Алматы қаласынан жарты сағаттық жерде орналасқан Шымбұлақ тау шаңғы курорты керемет атмосфера мен заманауи жайлылыққа ие» деп санап, апре-скиді өткізіп алмауға кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Wanderlust журналының топ-24 рейтингіне енсе, Алматы New York Times нұсқасы бойынша 2024 жылы баруға тұрарлық 52 орын тізіміне кірген болатын.