Спорт
Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Бакудегі турнирде тоғыз медаль жеңіп алды
Бокстан Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы саны тоғыз жүлдеге ие болды.

Bassport.kz сайтының хабарлауынша, Алтын медальді Элина Базарова (54 келіге дейін) мен Виктория Байдукова (57 келіге дейін) жеңіп алды.
Күміс жүлдені Анжа Сәдуақасова (52 келіге дейін) иеленді.
Қола медаль иегерлері: Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Элянур Тұрғанова (50 келіге дейін), Томирис Мырзақұл (52 келіге дейін), Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін), Әзиза Исина (70 келіге дейін) және Дина Исламбекова (81 келіден жоғары).