БастыТехнология

QAZAQFORUM: Елордада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форумы басталды

Бүгін Астана қаласында қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың «Жасанды интеллект
дəуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» тақырыбындағы VI Форумы (əрі қарай — QAZAQFORUM) өтіп
жатыр. Форум барысында сарапшылар мен журналистер, блогерлер, влогерлер, спичрайтерлер,
копирайтерлер, СММ мамандары мен бейне-контент жасаушылар қазақтілді медианы дамытудың
жаңа трендтерін талқылап, қызу əңгіме жүргізеді.

Сонымен қатар, QAZAQFORUM ашылуында Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Дархан
Қыдырəлі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм сөз сөйлеп, QAZAQFORUM
жылдан жылға жүйелі түрде қатысушыларға өзекті мəселелерді талқылайтын жəне отандық медиа-
нарықтың заман талабына сай даму көкжиектерін айқындайтын біріктіруші алаңға айналғанын атап
өтпек.

Фото: ашық дереккөз

QAZAQFORUM барысында

«Монетизация. Неге бəрі мұз?» панельдік сессиясының модераторы Kaspi.kz баспасөз хатшысы
Ербол Азанбек,

«Immersiveness. Қазақстандық журналистика жаңа трендтерге дайын ба?» панельдік
сессиясының модераторы «Əділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті
Қарлығаш Жаманқұлова,

«From TV to YouTube: бейімделу, тенденция жəне жаңа мүмкіндіктер» панельдік сессиясының
модераторы Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасының орынбасары, журналист Ерболат
Мұхамеджан

«Танымдық контенттің əлеуеті» панельдік сессиясында ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму
министрінің кеңесшісі Мақпал Жұмабай модератор болып, пікірталасқа жетекші болады.

Форумның екінші бөлігінде подкастер, бірнеше подкасттардың авторы мен жүргізушісі Елдар
Құдайбергенов пен AI-энтузиаст, нейрокреатор, MediaWaves digital — агенттігінің негізін қалаушы
Руслан Сыздықов «Өз подкастын қалай жүзеге асыру керек?», «Медиа желіде жасанды интеллекті
қолдану тəсілдері» атты мастер-клаcстарын жүргізеді.

Сондай-ақ, форум аясында бейресми кездесулер мен жасанды интеллекттер өндірген сурет
көрмесі бар.

Іс-шараның соңында QAZAQFORUM арнайы қонағы – танымал əнші Мархаба Сəби өнер
көрсетеді.

QAZFORUM ұйымдастырушылары: АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі, «Business Event&Rent»
агенттігі. Қолдау көрсетуші: «Kaspi Bank» АҚ.

TuraNews

Back to top button