ӘлемБастыМәдениетСпорт

Қазақ қызы бокстан моңғол елінің чемпионы атанды

Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасындағы ел біріншілігінің финалдық ойындары өтті. Қыздар арасындағы бәсекеде 75 келі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы ел чемпионы атанды.

Бұл туралы «Kaznews» ақпараттық порталы Баян-Өлгий аймағының Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Аталған басылымның дерегінше, Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін 2022 жылы ересектер және жастар арасындағы ел біріншілігінде де чемпион атанған еді.

Сондай-ақ, осы аптада «Kaznews» порталында «Ұланбатырда Айгүл Қалидолдақызының ән кеші өтеді» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Ұланбатырда Айгүл Қалидолдақызының «My way» атты ән кеші өтеді. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлаған.

«Ал ағайын көптен күткен ән кешінің куәсі болуға асығыңыздар! Рамазан айы берекесімен болып, Алла тағала баршаңызға рыздық несібесін еселеп бере берсін! Моңғолиядағы ат төбеліндей азғантай қазақ ұлтының, өнер мәдениеті және ән әлемінде қоғамға өз үлесімді қосып 30 жылды да артқа тастаппын. Осы уақыттағы жасаған әрбір еңбек, жеткен жетістік әрине жаратушының берген күш-қуаты мен жақсы адамдардың қолдауының арқасы. «Менің әлемім» атты ән кешімді сүйікті халқым, тыңдармандарым сіздерге тарту етпекпін», деп жазады өнер иесі.

Айта кетейік, аталған ән кеші 2023 жылы мамыр айының 5 күні «Соrporate convention» орталығында өтеді.

TuraNews

Back to top button