Қазақ-қытай шекарасында зілзала дүркін-дүркін қайталанып жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін 8 қарашада Қытайда болған бірнеше жер сілкінісін тіркеді, деп жазады TuraNews.kz Каzinform агенттігіне сілтеме жасап..
Айта кетейік, бүгін 00:09 кезінде Алматы мен қала маңында 2 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.
Табиғат апаты Қытайда болса да, оның күші Алматы қаласында, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында 2 балл көлемінде сезілді.
Содан кейін Алматы уақытымен 00:15 және 00:52 кезінде тағы екі мәрте зілзала болды.
Соңыра 01:34 кезінде Алматыдан оңтүстікке қарай 311 шақырым жерде, Қытай аумағында тағы жер сілкінді.
Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты — 10.8. MPV магнитудасы — 4.8. Тереңдігі — 10 шақырым.
Алматы уақытымен 01:46-да зілзала тағы қайталанды.
Ең соңғы сілкіністің ошағы да Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде Қытайда орналасқан.
Энергетикалық санаты — 9.9. MPV магнитудасы — 4.4. Тереңдігі — 10 шақырым.
Соңғы төрт зілзала Қазақстан аумағында сезілген жоқ.