
«Узавиация» агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге сәйкес, 2024 жылдың 13 наурызында «Qazaq Air» әуе компаниясына Түркістан – Самарқанд – Түркістан бағыты бойынша Өзбекстанға тұрақты рейстерді орындауға рұқсат берілді.
Әуе рейстері DHC-8-402 ұшақтарында жүзеге асырылады.
«Qazaq Air» – 2018 жылы құрылған аймақаралық әуе компания. Ол «Самұрық-Қазына» ұлттық қорына тиесілі, компанияның штаб-пәтері Астана әуежайында орналасқан.