Қоғам

Қазан-Анталия бағытындағы ұшақта жасөспірім көз жұмды

Түрік әуе жолдарының Қазан-Анталия бағытындағы TK 3995 ұшағында 17 жастағы жасөспірім көз жұмып, ұшақ Қазақстанға қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы TourDom порталына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

17 қыркүйек күні Түрік әуе жолдарының әуекомпаниясының TK 3995 рейсі Қазаннан жергілікті уақыт бойынша сағат 12:44-те ұшты. Ұшу кезінде жолаушылардың бірі – мүгедектігі бар 17 жасар қыз кенеттен өзін жайсыз сезінген. Оның ұстамасы пайда болып, жүрегі тоқтап қалған. Ұшақта болған екі дәрігер қызға жүрек массажын және жасанды тыныс алдыру әрекеттерін жасағанымен, өкінішке орай олар жасөспірімге көмектесе алмады.

Түрік әуекомпаниясының ұшағы Орал қаласындағы әуежайға қонуға мәжбүр болды. Мұнда тиісті құжаттар рәсімделді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірім жедел жәрдем қызметі келгенге дейін көз жұмған.

TuraNews

Back to top button