Қауымдастық: Қазақстанда оқуға түсуге ниетті қандастарға квотаны ұлғайту қажет
«Біздің жоғары оқу орындарына түсу үшін 2 100 бала құжат тапсырды. Олар онлайн режимде жолдайды. Биыл бірінші рет бұл жүйе цифрлы форматқа ауысып жатыр. Сондықтан, олқылықтар да жоқ емес. Құжат тапсырған балалар: «Біз құжат тапсырдық, бірақ неге емтиханға қатыспаймыз?» деп хабарласты. Біз бұл сұрақтарды жоғары оқу орындарына жіберіп, шешуге тырысып жатырмыз. Нәтижесі 1-2 күнде белгілі болады. 1 300 балаға квота бөлінген. Енді қалған құжат тапсырған 800 баланы қайда жібереміз?! Сондықтан, министрлік қосымша квота бөлуі қажет деп есептейміз. Біз оны хат түрінде де жолдаймыз. Өйткені, балалар үмітпен күтіп отыр», — деп мәлім етті Қарлығаш Бекпатшақызы.
Қоса кетсек, кеше Астанада Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Онда шетелде жүрген 7 миллионға жуық қандасымызды елге қайтару төңірегіндегі мәселелер талқыланды.