Қазгидромет синоптиктері 12 шілде, сәрсенбіде бірқатар өңірде күн бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды Turanews.kz.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында — 15-20 м/с. 12-13 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. 12-13 шілдеде төтенше өрт қаупі бар.
Күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде — 35-36 градус қатты ыстық. 12-13 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
12-14 шілдеде Алматы облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда 12-13 шілде аралығында 35-37 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар.
12-13 шілде күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық болады. 12-13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде — 35-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік- батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қауіпі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші — 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні — 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, батысында екпіні — 15-20 м/с шамасында. Өңірдің солтүстігінде, батысында 40-42 градус өте қатты ыстық бар, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында — дауыл, бұршақ. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні — 15-20 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 15-18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Абай облысының оңтүстік-батысында, орталығында, солтүстік-шығысында жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады, облыстың солтүстігінде — жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде — төтенше өрт қаупі бар.
Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 12-13 шілде аралығында күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.
12 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші — 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі бар.
Шымкентте күндіз — 40 градус қатты ыстық.