ӘлемСаясатЭкономика

Қатарда Орталық Азия елдері және Әзербайжанмен Араб экономикалық ынтымақтастық форумының 3-ші сессиясы өтіп жатыр

Кеше Доха қаласында (Қатар) Орталық Азия елдері және Әзербайжанмен Араб экономикалық ынтымақтастық форумының 3-ші сессиясы басталды.

Бұл іс-шараға Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев қатысуда, деп хабарлайды TuraNews.kz СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Форум барысында тараптар саяси консультациялар өткізеді, экономикалық және мәдени-әлеуметтік салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды, сондай-ақ энергетика саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

Форум қорытындысы бойынша «Сын-тегеуріндер мен ұмтылыстар арасындағы бірлескен ынтымақтастықтың перспективалары» атты Доха декларациясы қабылданады деп күтілуде», -денілген хабарламада.

 

TuraNews

Back to top button