Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін, 13 желтоқсанда Аргентина мен Хорватия финалға берілетін алғашқы жолдаманы сарапқа салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу елорда уақытымен 13-інен 14 желтоқсанға қараған түні сағат 01.00-де басталады. Тікелей эфир «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.
Ойын Лусаил қаласындағы 89 мыңға жуық адамға арналған «Лусаил Айконик» стадионында өтеді.
FIFA рейтингінде Аргентина – 3, Хорватия 12-орында тұр.
Екі құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Құрамалар екі-екіден жеңіске жетсе, бір ойында тең нәтиже тіркелді.
С тобында Аргентина Сауд Арабиясына 1:2 есебімен есе жіберіп, Мексика мен Польшаны 2:0 есебімен жеңсе, 1/8 финалда Австралияны 2:1 есебімен ұтты.
Аргентиналық футболшылар ширек финалда Нидерландпен негізгі кезеңде 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти тебуде 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетсек, 14 желтоқсан күні елорда уақытымен 1.00-де басталатын жартылай финалда Франция және Марокко кездеседі. Матч «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.