БастыСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аяқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Turanews.kz Ақорданың баспасөз орталығына сілтеме жасап.

15 қаңтар күні Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.

17 қаңтар күні ҚР Президенті «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.

Бүгін 18 қаңтарда, Қасым-Жомарт Тоқаевты БАӘ Президентінің сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Ақорданың баспасөз орталығы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның бірлескен мәлімдемесін жариялады.

Мемлекет басшысы Қазақстан – БАӘ инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті  шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға жылы шыраймен қабылдағаны және жоғары деңгейдегі қонақжайлылығы үшін шынайы алғысын білдіріп, оны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Шақыру қабылданды.

Мемлекет басшысы қонақжайлық көрсеткені үшін шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға алғыс айтып, Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары аясында нәтижелі келіссөздер жүргізілгенін және екі ел арасында маңызды екіжақты келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Мемлекет басшысының БАӘ-не ресми сапары туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің «Қазақстан мен БАӘ: орасан зор экономикалық әлеует пен ортақ құндылықтарға негізделген серіктестік» атты тақырыппен берілген шолуынан оқи аласыздар.

TuraNews

Back to top button