Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-на мүше елдер өкілдерін Еріктілер форумына шақырды

«Ұйымымызға мүше елдердің өкілдерін биыл Астанада өтетін Еріктілер форумына шақырамын». ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Turanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Жойқын жер сілкінісі еліміздің азаматтарын да бей-жай қалдырмады. Біздің халқымыз бауырларымыздың басына түскен қиындықты бірге көтеруге атсалысты.

Қазақта «Асар» деген жақсы ұғым бар. Жұрт бірлесіп, мұқтаж жанға көмек қолын созады. Осы мақсатта Қазақстаннан Анадолы еліне көптеген ерікті келіп, аянбай еңбек етті. Олар – ел басына ауыртпалық түскенде алғы шепте болатын шынайы патриот азаматтар, жаны таза адамдар.

Еріктілерді ортақ іске жұмылдыру аса маңызды. Сондықтан, мен Ұйымымызға мүше елдердің өкілдерін биыл Астанада өтетін Еріктілер форумына шақырамын», — деді Президент.

TuraNews

Back to top button