Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Turanews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келді» делінген хабарламада.