Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады.

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.

Сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.

 

TuraNews

Back to top button