
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент өз құттықтау жеделхатында Премьер-министр Никол Пашинянның басшылығымен Армения мемлекетті дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайту ісінде толағай табысқа жеткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қазақ-армян қарым-қатынастарын жан-жақты күшейтуге бейілді екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Армения халқына бақ-береке тіледі.