
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті. Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазған болатынбыз.