Аралдағы экологиялық мәселелер көрмесі мен климаттық технологиялардың «Арал алқабы» көрмесін ұйымдастыру жоспарлануда, деп жазады Kazinform.
Өзбекстан Республикасы Президентінің «2030 жылға дейін Арал өңірінде экологиялық инновациялар мен климаттық технологияларды енгізу жөніндегі қосымша шаралар туралы» шешімінің жобасы дайындалған. Бұл туралы мемлекеттегі Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі хабарлады.
Жобаға сәйкес, «Экологиялық кәсіпкерлікті» қолдау мақсатында жергілікті климаттық ерекшеліктерге төзімді өсімдік түрлерін өсіруге, экспортқа шығарылатын өнімді қайта өңдеуге және өндіруге мамандандырылған «Арал алқабы» климаттық технологиялық экспо-хабын құру жоспарлануда.
Сонымен қатар, экологиялық өнімдердің тұқымдары мен көшеттері плантацияларын өсіру, әкелу және орнату бойынша стартап жобаларының халықаралық іріктеуін ұйымдастыру, жобаларды іске асыру үшін жергілікті және шетелдік инвесторларды тарту, экспорт бойынша кәсіпорындарға жеңілдетілген несиелер белгілеу және қолдау жоспарлануда.
Сонымен бірге, Арал өңіріндегі климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экологиялық проблемаларға арналған Climate Expo көрмесін ұйымдастыру және халықаралық қауымдастықты Арал өңірінің тұрақты дамуына қатыстыру үшін Мойнақ ауданында ашық аспан астындағы «Арал табиғаты зертханасын» құру жоспарлануда