Қаражал қаласында «Жас Ұлан – 2025» қалалық әскери-патриоттық сайысы өтті
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай Қаражал қаласында жастар арасында «Жас Ұлан – 2025» атты қалалық әскери-патриоттық сайыс өтті.

Іс-шараға мектептер мен колледждердің командалары қатысып, өздерінің күш-жігері мен патриоттық рухын көрсетті, деп жазады TuraNews.kz.
Сайыс барысында қатысушылар саптық дайындық, АК-74 автоматын жинау мен бөлшектеу, пневматикалық мылтықпен ату сияқты әскери жаттығуларда бақ сынасты.
Қазылар алқасының құрамында:
— Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Кулумбетов Досбол Бүркітұлы
— Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы, подполковник Макажанов Арман Рысқалиұлы
— Қаражал қалалық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Жақаев Алмаз Жомартұлы
Сайыс нәтижелері бойынша:
🏆 1 орын — №3 жалпы білім беретін мектеп
🥈 2 орын — №1 жалпы білім беретін мектеп
🥉 3 орын — №7 жалпы білім беретін мектеп
Арнайы номинациялар бойынша:
— Үздік АК-74 жинаушы-бөлшектеуші
— Үздік мерген
— Үздік командир
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық тәрбиесін нығайтуға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.