Қоғам

Қарағандыда эскалатордан ер адамды теуіп құлатып жіберген

Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінде ер адам эскалатормен түсіп бара жатқан жігіттің себепсіз арқасынан теуіп жіберді. Жартылай жығыла баспалдақпен төмен жүгірген ер адам, еденге құлағанда есінен танып қалған, деп хабарлайды Turanews.kz.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде пайда болды. Полицейлер күдіктіні қолға түсірді.

“Қарағанды ​​қаласының 25 жастағы тұрғынының денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды”, — делінген полиция хабарламасында

TuraNews

Back to top button