Басты

Қарағанды облысында шахтада апат: 5 кенші қаза тапты

Ленин шахтасында қаза тапқандардың тізімі шықты

Бүгін түнде Қарағанды облысы, Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтада апат болды. Нәтижесінде 5 кенші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3 қараша күні сағат 3.03-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болды.

«Оқиға болған кезде шахтада 106 қызметкер болды, 101 адам жер бетіне көтерілді. 5 адам (бағаналы бөлік жұмыскерлері) көтеру торларының жұмыс істеуі үшін қалды», деп мәлімдеді әкімдікте.

Алғашқы ресми дерек бойынша шахтаның 4 қызметкерінің денесі табылды. Кейінірек бесінші кеншінің денесі апаттық-құтқару жұмыстары кезінде таңғы сағат 09:09-да табылғаны белгілі болды. Ол жайлы облыс әкімдігі хабарлады.

Қарағанды облысының әкімдігі Ленин атындағы шахтада қаза болғандардың тізімін жариялады.

Шахтада қаза тапқандардың тізімі:

1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 8 жыл. Артында анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы қалды.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Марқұмның соңында әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 8 жыл. Артында ата-анасы қалды.

5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Жұмыс өтілі — екі ай. Марқұмның артында әкесі қалды.

Ж фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қаза тапқандардын отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз.

Source
Inform.kz

TuraNews

Back to top button