Әлем

Қарабақта 60-тан астам жауынгерлік позиция Әзербайжанның бақылауына өтті

Қарабахтағы лаңкестікке қарсы операция барысында Әзербайжан қарулы күштерінің бақылауына 60-тан астам жауынгерлік позиция алынды, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме беріп.

Кеше Әзербайжан Қарабақтағы конституциялық құрылысты қалпына келтіру үшін антитеррорлық операцияны басталғаны жайлы хабарланған болатын.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі операцияға қатысты соңғы ақпаратты жариялады:

«Армения қарулы күштеріне тиесілі 20-ға жуық жауынгерлік техника, 40-қа жуық артиллериялық қондырғы, 30-ға жуық миномет, 2 зениттік-зымырандық қондырғы, 2 «Мартыра» электронды соғыс станциясы және басқа да әскери техника залалсыздандырылды.

Cондай-ақ 4 Армения қарулы күштерінің 60-тан астам жауынгерлік позициясы Әзербайжанның бақылауына өтті.», — делінген хабарламада.

 

TuraNews

Back to top button