Әлем
Қарабахта 581 мина мен оқ-дәрі залалсыздандырылды

Әзербайжанның Қарабах аймағында бір аптада 581 мина мен оқ-дәрі залалсыздандырылды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Әзербайжан Мина тазалау агенттігінің мәлімдемесінде Қарабах аймағы мен төңірегіндегі қалалардың армяндар төсеп кеткен миналардан тазалау ісінің үздіксіз жалғасып жатқаны атап көрсетілді.
20-26 қараша күндері арасында жүргізілген тазалау жұмыстарында 73 дана анти-танк мина, 64 дана анти-персонал мина мен 444 жарылмаған оқ-дәрі залалсыздандырылды.
Тертер, Агдам, Лачын, Фузули, Шуша, Кубадлы және Ходжавенд, Жебраил және Зенгилан аймақтарында тек бір аптада 683,5 гектарлық алаң тазаланды.