БастыТуризм

Қаңтарда Түркияға 2 млн-нан астам турист барған

Түркия осы жылдың қаңтар айында 2 047 027 шетелдік туристерді қабылдаған. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,05 пайызға жоғары көрсеткіш.

Бұл туралы Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Анадолы агенттігі.

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы бұл елге жалпы саны 56,7 млн турист барған. Одан түскен кіріс 54,3 млрд долларды құраған.

Бір адамға жұмсалатын шығын орта есеппен 99 доллар.

TuraNews

Back to top button