Қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде мемлекеттік ғимараттар ғана емес, сонымен қоса жүздеген жеке нысандар да зардап шекті. Мемлекет пен бизнеске келген залалдың жалпы сомасы 100 млрд теңгеге бағаланды, деп хабарлайды Turanews.kz, ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Видеодан алынған кадр
Алматыда мародерлер тәртіпсіздікті пайдаланып, негізінен дүкендерді, байланыс салондарын және ірі сауда орталықтарын тонады.
Салдарынан бірнеше күнде 2000 кәсіпкерлік нысан зардап шекті.
Видеодан алынған кадр
Тонау кезінде қылмыскерлер кейін сату үшін бүкіл заттарды алып кетті, оның ішінде смартфондар, зергерлік бұйымдар, киім-кешек, тұрмыстық техника және басқа да бағалы заттар бар.
Видеодан алынған кадрлар
Алматылық кәсіпкер Алдияр Шейх «Қаңтар» арнайы айдарында өз басынан өткен жайтты әңгімелеп берді.
Осыдан 11 ай бұрын кәсіпкер бизнесі банкрот болады деп ойлаған.
Сауда орталығындағы Алдиярдың дүкені толығымен күйреген.
Кәсіпкер өтемақыны мемлекеттік органдар соншалықты жедел және толық көлемде төлейді деп күтпеген еді.
«Барлық зат қираған. Біз сияқты шағын бизнес үшін шығын көп болды. Президенттің тапсырмасы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Осының нәтижесінде құжат жинау жедел түрде жүргізілді. Өтемақы алу үшін бір-бірімізге көмектестік. Шынымды айтсам, мен өтемақы толық мөлшерде және тез беріледі деп ойламаған едім. Егер біздің шығын уақытылы өтелмегенде, банкрот болатын едік», — дейді кәсіпкер.
Видеодан алынған кадр
Соңғы деректерге сәйкес, Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен бизнес субъектілеріне мемлекет тарапынан 14,6 млрд теңге көлемінде өтемақы берілген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне де қолдау қөрсетілді.
Барлығы 1600-ге жуық өтінім мақұлданды.