ҚоғамЭкономика

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: Түркістан облысында кәсіподақ өкілдерімен кездесулер жалғасуда

Кәсіподақ өкілдерімен кезекті «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы және Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай арнайы жиын Түркістан облысы Ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» МКК-ның Сайрам аудандық филиалында өтті, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Жиынға Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК-ның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Төлеген Қоңқабаев, Түркістан облысы Ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» МКК-ның Сайрам аудандық филиалының басшысы Ғани Құрманбай және Ордабасы аудандық филиалының басшысы Бахытжан Хаджимуратов, Түркістан облысы ветеринария басқармасының Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Ордабасы аудандық филиалдарының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.

Кездесу барысында өз кезегінде сөз алған Сапарғали Шолданбаев қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, кәсіподақ жұмысындағы негізгі мәселе еңбек адамының құқын қорғау екенін, жұмыс орнындағы еңбек заңдылықтары мен қауіпсіздіктің сақталуын, өзекті мәселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз етумен қатар басқа да еңбекке қатысты түйткілді жағдайларды басты назарда ұстайтынын жеткізе отырып, әлеуметтік әріптестікті дамытуда кәсіподақтың міндеттерін түсіндірді.

Сонымен қатар, Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, қатысушыларды қазіргі уақытта жергілікті кәсіподақ комитетінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы хабардар етті.

Жиын әрі қарай мерекеге орай қызметтік міндеттерін абыройлы атқарғаны және қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, адал еңбегімен көзге түскен кәсіподақ мүшелеріне алғыс хаттар мен медальдарды табыстаумен өз жалғасын тапты

TuraNews

Back to top button