БастыСпорт
Trending

“Қайрат” – “Олимпиакос” матчына арнайы шаттл-автобустар жүреді

Астана қаласының әкімдігі «Қайрат» пен «Олимпиакос» командалары арасындағы матчқа орай жанкүйерлер үшін арнайы шаттл-автобустарды іске қосады. 

Матч өтетін күні елордалық әкімдік 25-ке жуық автобусты іске қосады. Олар қаланың бес түрлі нүктесінен Астана-Арена» стадионына дейін және кері бағытта қатынайды.

Жинақтау нүктелері (аялдамалар):

  • Елордалық цирк
  • Әзірет Сұлтан мешіті
  • Қазақстан спорт кешені
  • Орталық саябақ
  • Бас мешіт

Қозғалыстың басталу уақыты: 18:00

Жанкүйерлерге ұсыныс: Аялдамаларға сағат 17:30-ға дейін келуге кеңес беріледі.

Бағыты: Автобустар екі бағытта да (стадионға және кері) жүреді.

Матч барысында Астана қаласының Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Қоғамдық тәртіпті сақтауға 2800-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылады. Олардың қатарында патрульдік бөлімшелер, учаскелік инспекторлар және кинологиялық қызмет мамандары бар.

TuraNews

Back to top button