
Қазақстандық команда қос кездесудің қорытындысы бойынша Словенияның мықты клубы саналатын «Олимпияны» жарыс жолынан шығарды, деп жазады Bassport.kz сайты.
Алғашқы матч Люблянада өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Қарымта кездесу Алматыда өтті. «Қайрат» өз алаңында сенімді ойын көрсетіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Есепті ойынның бесінші минутында Жоржиньо ашты. Одан кейін 31-минутта Александр Мрынский командасының екінші голын соғып, матч тағдырын түбегейлі шешті.
Енді алматылық клуб Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде финляндиялық КуПС-пен кездеседі.