АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан туристері Қазақстанда орта есеппен 4 күн өткізеді, деп хабарлайды Turanews.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша туристік мақсатпен келген АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан азаматтары Қазақстанда орта есеппен 4 күн өткізеді.
Елімізде аялдау мерзімі бойынша Өзбекстан азаматтары көш бастап тұр. Көрші елдің туристері Қазақстанда 10 күнге дейін тоқтайды.
Ал, Ресейлік туристер 6 күн, Беларусь азаматтары 5 күн, Германия туристері 4 күн болса, Қытай азаматтары елімізде 3,5 күн өткізеді.
«eQonaq жүйесі – елімізге келген туристер ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және т.б. бірнеше маңызды функцияны орындайды. Басты мақсат – туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге 3 214 орналасу қызметін ұсынатын кәсіпкерлік нысаны тіркелген», — дейді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.