Путин сандық рубльді енгізу туралы жарлыққа қол қойды
Ресей президенті Владимир Путин ұлттық валютаның үшінші нысаны болатын сандық рубльді енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Turanews.kz.
Сандық рубльді Ресей Орталық банкі блокчейн платформасы негізінде шығарады және сандық әмияндарда азаматтар мен бизнеске қолжетімді болады.
Сондай-ақ, жаңа ақша форматы Ресей Орталық банкінің алтын және басқа резервтерімен толығымен қамтамасыз етіледі. Оны қолма-қол немесе қолма-қол емес рубльмен де ауыстыруға болатының атап өткен Банк басшылығы, сандық рубльмен банктік операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
Сандық рубль кезең-кезеңімен енгізіледі: бірінші кезеңде аударымдар мен төлемдер сияқты негізгі функциялар жүзеге асырылатын болады. Ал, болашақта токендерді шығару және олармен транзакциялар жүргізу мүмкіндігін қосу арқылы сандық рубльдің функционалдығын кеңейту жоспарлануда.