БастыСаясат

Путин Ердоғанмен шілде айында Астанада кездесуді жоспарлап отыр

Бұл туралы Ресей басшысы Түркия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Хакан Фиданмен кездесуі барысында айтты.

Ресей президенті Владимир Путин Түркия презденті Режеп Тайып Ердоғанмен шілде айында Астанада өтетін саммитте кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Kazinform агенттігі ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Президент Ердоғанға менің ең ізгі тілектерімді жеткізуіңізді сұраймын. Меніңше, ол жақын арада — шілденің 3-4 аралығында өтетін халықаралық іс-шара аясында Астанада болуы керек. Міне, сол уақытта кездесіп, қажетті мәселелелерді талқылайтын уақыт табамыз деген үміттемін»,-деді Ресей басшысы Түркия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Хакан Фиданмен кедесуі барысында.

3-4 шілде аралығында Астанада Шынхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.

Өз кезегінде Түркия Сыртқы істер министрі Путиннің Ресей мен Түркияның түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастығы жөніндегі айтқан мәселелеріне назар аударды. Ол Анкараның түрлі аймақтарда болып жатқан жанжалдарды реттеуге барын салып жатқанын атап өтті.

Путин Түркиямен арадағы қарым-қатынасқа қанағаттанатындығын жеткізді.

«Осының барлығы да біздің досымыз Түркия президентінің жетекшілігі мен қолдауының арқасында жүзеге асып жатыр», — деді ол.

Ресей президенті 2023 жылы өсім жақсы болғанымен, 2024 жылы тауар айналымы біршама төмендегендігін атап өтті.

«Дегенмен біз бұны ең алдымен біздің экспорт пен импорт бойынша негізгі тауарларымызға түзетулер енгізілуімен байланыстырамыз. Мен, алдағы уақытта жағдайды реттейтін мүмкіндік туады және өткен жылғыдай даму болады деген үміттемін. Өткен жылы біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы абсолютті рекорд орнатты»,-деді президенті.

Айта кетейік, кеше Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесті. Олар экономикалық қарым-қатынастар мен келешек перспективаларды талқылады.

TuraNews

Back to top button