Путин Астанада Ердоғанға Ыстамбұл келіссөзі үшін алғыс айтты
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин «ШЫҰ+» кездесуінде Түркия басшысы Реджеп Тайип Ердоғанға Ыстамбұл келіссөзі үшін алғыс айтты.
«Ыстамбұл уағдаластықтары, ол үшін бұл жұмыста ара ағайын ретінде қатысқан Түрік Республикасының Президенті Р.Ердоғанға рахмет. Ол уағдаластық ешқайда кеткен жоқ. Украиналық келіссөз делегациясының басшылары келіссөз парақтарына белгі қойған да болатын. Яғни, Украина жақтың көңілінен шыққан. Бұл Стамбул келісімдері қазір «үстел үстінде» қалып отыр және оны қайта жалғастыруға негіз бола алады», — деді В.Путин.
Ресей президенті ШҰЫ елдері өз әрекеттерін БҰҰ мінберінде де, басқа да халықаралық алаңдарда бір-біріне ұқсас сыртқы саяси тәсілдерді ұстанады деп есептейтінін атап өтті.
«Әлемнің бірқатар дамыған экономикалары құлдырап жатқанда ШЫҰ елдерінің ішкі жалпы өнімі 2023 жылы орта есеппен 5,2 пайыз өсіп, инфляция небәрі 2,4 пайыз ғана артқан. Бұл жақсы көрсеткіштер.
ШЫҰ сауда, логистика және өзара есеп айырысу тізбегін құру бағытында барынша белсенді қадамдар жасап жатыр. Құрлықты солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа байланыстыратын жаңа, тиімдірек көлік дәліздері қалыптасып келеді. Әлбетте, біз ШЫҰ арқылы жүзеге асырылатын салалық жобаларға мемлекеттердің кең ауқымы қосылғанына мүдделіміз», — деді В.Путин.