Саясат
Президент Қасым-Жомарт Токаев АҚШ Конгресінің делегациясын қабылдады

Қазақ-америка қатынастарын дамыту перспективалары Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясымен талқылады.
Кездесуде парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы АҚШ конгрессмендерінің сапары парламенттік дипломатияны ілгерілету тұрғысынан маңызды деп атап өтті. Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді.
Президент конгрессмендерге елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыты туралы айтып берді.