Басты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді.
Президент бірқатар мемлекет басшысымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ сапар аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және «дөңгелек үстел» форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Нью-Йоркке баратынын хабарлаған.