Экономика
Президент мультибрендті автомобиль зауытының іргетасын қалады
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары аясында үш автокөлік маркасын шығаратын автомобиль зауытының іргетасын қалады, деп Jibek Joly хабарлайды.
Президентке жобаның төлқұжаты таныстырылып, шағын жинақтау әдісімен автокөлік шығаратын болашақ зауыттың үлгісі ұсынылды. Зауыт 2024 жылдың төртінші тоқсанында ашылады деп жоспарлануда. Зауыттың өндіріс аумағы 100 мың шаршы метрден асады. Үш автокөлік маркасының әрқайсысы үшін дәнекерлеу және құрастыру жұмыстарына арналған жеке цех салынады.
Зауыт іске қосылғаннан кейін оның өндірістік қуаты жылына 90 мыңнан астам көлік шығаруға жетеді. Ал, инвестицияның жалпы құны 100 миллиард теңгеден асады.