Атап айтқанда, құжатта кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімдерде, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізілетіні жазылған.
Кеңес төрағасының шешімі бойынша мәселелерді сырттай дауыс беру арқылы шығаруға және қарауға жол беріледі. Сырттай дауыс беру қағаз жеткізгіште жүргізіледі. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қамтитын жобалар бойынша дауыс беру мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
— Кеңес мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін шешімнің жобасы бойынша материалдар таратылған күннен бастап бір жұмыс күнінен аспауға тиіс. Сырттай дауыс беруге жіберілген шешімнің жобасы бойынша ескертулер болған жағдайда, Кеңес мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңестің жұмыс органына жазбаша түрде хабар береді, — делінген құжатта.
Белгіленген мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда, Кеңес мүшесі «әдепкі қалпы бойынша» шешімнің жобасын қабылдауды қолдап дауыс берді деп саналады. Кеңестің отырысы, егер оның мүшелерінің кемінде жартысы отырысқа қатысса, заңды болып саналады.
Сонымен қатар, Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді.
— Кеңестің шешімдері ашық немесе сырттай дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған немесе сырттай дауыс беруге қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған кезде, төрағалық етушінің дауысы шешуші болады. Кеңестің мүшелері өздерінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы, ол хаттамаға қоса беріледі, — деп аталып өткен Жарлықта.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



