
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент бұл елде Боао Азия форумының сессиясына қатысады. Сондай-ақ ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында «Азия және әлем: ортақ міндеттер, ортақ жауапкершілік» ұранымен Бао Азия форумы (БАФ) басталды.