Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.