Басты

Президент Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқарған азаматтарды марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Олардың арасында ТЖМ өкілдері, медицина мамандары, полицейлер, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысшылары және Ақтау әуежайының қызметкерлері бар.

Айта кетейік, Ақтау әуежайы маңындағы ұшақ апаты 25 желтоқсанда болды. Апат кезінде оқиға орнына барған мамандар аман қалған жолаушыларға жедел түрде қажетті көмектің бәрін көрсетті.

TuraNews

Back to top button