ҚоғамТехнологияЭкономика

Pinduoduo Қазақстанға тауар жеткізуді тоқтатты

"Қазпошта" қызметі Pinduoduo желісінің тауарларды Қазақстанға уақытша жеткізбейтінін мәлімдеді.

Қазір маркетплейс жүйесінде техникалық жұмыстар мен жаңартулар жүргізіліп жатыр.

Pinduoduo барлық ресми онлайн тасымалдаушыларды 19 қазаннан бастап техникалық жетілдірулерге байланысты уақытша тоқтатты. Өкінішке қарай, жұмысты қалпына келтірудің нақты мерзімін атай алмаймыз, – делінген хабарламада.

Pinduoduo немесе PDD – ең үлкен маркетплейстердің бірі. 2015 жылы құрылған, штаб-пәтері Шанхайда орналасқан.

TuraNews

Back to top button