Әлем

Пезешкиан: Израильге қарсы соққы Иранның мүддесі мен азаматтарын қорғауға бағытталған

«Иранмен қақтығысқа түспеңдер», - деп ескертті ол.

Иран президенті Масуд Пезешкиан сейсенбі күні Тегеран Израиль аумағына зымыран ұшырғаннан кейін Израильдің әрекетіне «шешуші жауап» бергенін мәлімдеді, деп жазады Kazinform агенттігі.

Интерфакс агенттігінің мәліметінше, ол «бұл әрекет Иранның мүдделері мен азаматтарын қорғауға бағытталғанын» атап өтті.

«Нетаньяху Иранның соғыс қоздырушы емес екенін білуі керек. Иран кез келген қауіп-қатерге төтеп беруге ниетті», — деп атап өтті Иран президенті.

Оның айтуынша, зымырандық соққы – Тегеранның әскери мүмкіндіктерінің шегі емес.

«Бұл біздің күшіміздің бір бөлігі ғана», — деді Пезешкиан.

«Иранмен қақтығысқа түспеңдер», — деп ескертті ол.

TuraNews

Back to top button