ӘлемСпорт

Пеленің есімі «ерекше» мағынасын білдіретін ұғым ретінде сөздікке енеді

Футболдан үш дүркін әлем чемпионы Эдсон Арантис ду Насиментудің (Пеле) есімі португал тіліндегі Michaelis сөздігінің цифрлық нұсқасына енгізілді, деп жазады Turanews.kz ақпараттық порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Agencia Brasil мәлім еткендей, болашақта футбол королінің есімі сөздіктің баспа нұсқасына да енгізіледі.

«Pelé» терминін «ерекше», «бірегей» сөздерінің синонимі ретінде қолдануға болады.

«Pelé» сөзіне мынадай анықтама беруге болады: барлық уақыттағы ең үздік спортшы Пеледен (Эдсон Арантис ду Насименту (1940-2022) басқа ешкім тең келмейтін, атақты, ерекше, бірегей.

Сөздікте сондай-ақ pelé сөзінің португал тіліндегі үлгілері келтіріледі. Мысалы, ол – баскетболдағы Пеле, ол – теннистегі Пеле, ол – медицинадағы Пеле.

Пелені португал тіліндегі сөздікке енгізу жөніндегі бастаманы 125 мыңнан астам адам қолдап, 2023 жылғы Sports Summit São Paulo – Латын Америкасындағы ірі спорттық іс-шара кезінде таныстырылған.

Michaelis — бразилиялық Melhoramentos баспасының португал тіліндегі сөздігі.

Алғашқы сөздікті ХІХ ғасырдың аяғында неміс лексикографы Генриетта Михаэлис өзінің сіңлісі, филолог Каролина Михаэлис де Васконселоспен бірге құрастырған.

 

TuraNews

Back to top button