МәдениетСаясат

Парламент Мәжілісі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы құжатты талқылайды

Парламент Мәжілісінің қарауына «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат енгізілді.

Аталған заң жобалары 2022 жылғы 27 қыркүйекте Мемлекет басшысының Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берілген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді, деп жазады Kazinform агенттігі.

«Заң жобалары Түркістан қаласын дамыту үшін тиімді институционалды ортаны құруға, қаланың Қазақстан Республикасының рухани және тарихы орталығы ретінде қызмет ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, шаһардың тарихи келбеті мен тарихи мәдени мұра нысандарын сақтауға, Түркістан қаласына құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге бағытталған. Біздің комитет заң жобалары бойынша қортынды әзірлеуге дайын», — деді Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов.

Еске салсақ, былтыр Түркістан облысының әкімі шаһардың ерекше мәртебесі туралы заң жобасы дайындалып жатқанын хабарлаған еді. Осы заң қабылданған соң, қала әкімдігі мен мәслихатына қосымша құзыреттер беріледі.

TuraNews

Back to top button