БастыСаясатСпорт

Париждегі арандатушылыққа байланысты Әзербайжан ХОК-қа наразылық білдірді

Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ашылуында France2 телеарнасында жасалған Әзербайжанға қарсы арандатушылық мәлімдемеге байланысты Халықаралық Олимпиада комитетіне ресми наразылық хатын жолдады.

«26 шілде күні Франция астанасы Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Францияның France2 ұлттық телеарнасының тілшісі Әзербайжан мен Армения спортшыларының шеруі кезінде кемсітушілік көрсетіп, Әзербайжанды Армениямен қақтығысқа қатысты айыптады. Сонымен бірге ол биылғы жыл армян халқының „Әзербайжан армиясының Таулы Қарабақты құлатуымен“ есте қалғанын атап өтті. Шын мәнінде, бұл — Олимпиада Хартиясының негізгі қағидаттарын өрескел бұзу.

Бұл принциптер соңғы жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының (БҰҰ) бірнеше қарарында айтылып, қолдау тапты, соның ішінде «Олимпиада хартиясының негізгі принциптерін мойындау» (A/RES/78/10) болып саналады. Жарғыда «ХОК-тың миссиясы — бүкіл әлемде олимпиаданы насихаттау, олимпиадалық қозғалысты басқару және спорт пен спортшылардың кез-келген саяси немесе коммерциялық қанауына қарсы тұру.

Оқиғаға байланысты Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада комитетіне ресми наразылық хат жолдады. Хатта мемлекеттік телеарнаның Әзербайжанға деген құрметсіздігі Олимпиада хартиясын айқын бұзу делінген. Мұндай үгіт-насихат ойындардың рухына қайшы келеді және Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт қатынасты бұзуға әсер етеді. Сондықтан ХОК-қа Париждегі 2024 жылғы Олимпиада кезінде спортты саясаттандыруға қарсы берік ұстаным жасау және Франция үкіметі, Францияның Ұлттық Олимпиада және спорт комитеті және жоғарыда аталған телеарна алдында көпшілік алдында мәлімдеме жасау ұсынылды», — делінген хабарламада.

Via
Kazinform
Source
Trend.az

TuraNews

Back to top button