Мәдениет

Парижде «Түркі өркениеті және жаһандық мәдениет: Елтеріс Құтлық Қаған бітіктасы» атты халықаралық форум өтеді

2022 жылдың 15 желтоқсан күні, сағат 15:00-де (Париж уақытымен) Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Түркі өркениеті және жаһандық мәдениет: Елтеріс Құтлық Қаған бітіктасы» атты халықаралық форум өтеді.

Іс-шара Түркі тілдері күні аясында ұйымдастырылып отыр.

Жаңа табылған Елтеріс Құтлық Қаған бітіктасының таныстырылымына Түркі академиясына жаңа тағайындалған президенті профессор Шаһин Мустафаев, халықаралық ұйымдардың басшылары, ТМҰ мүше мемлекеттерінің ЮНЕСКО жөніңдегі ұлттық комиссия басшылары, ұлттық ғылым академияларының басшылары, 10-ға жуық елден ғалымдар мен академиялық орта өкілдері қатысады.

Source
Twesco.org

TuraNews

Back to top button