Алдағы күндері Қазақ кинофестивалі аясында Еуропаның француз тілінде сөйлейтін барлық елдері – Франция, Швейцария, Бельгия мен Люксембург көрермендеріне отандық фильмдер көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Париждегі айтулы іс-шараға қатысуға қазақ киноөнерінің майталман шеберлері жиналды. Канн кинофестивалінің лауреаты Самал Еслямова мен Сергей Дворцевой және Дәрежан Өмірбаев жергілдікті көрермендермен кездесулер өткізеді. Ал жас режиссер Алдияр Байракімов жұрттың назарына Паралимпиадашы драмасын ұсынды.
Фестиваль туралы толығырақ ақпаратты ресми сайттан алуға болады.